Ақын ШӨМІШБАЙ САРИЕВТІҢ 80 жылдығына арналған «Сағындым, сағым жылдар» шығармашылық кеші
Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған «Толқын тербеген тағдыр» деректі фильмі
Шөмішбай Сариев – қазақ әдебиеті мен ән өнерінің дамуына, аударма ісінің өрістеуіне сүбелі үлес қосқан қаламгер. Оның шығармалары бірқатар шет тілдерге аударылып, шетел оқырманына жол тартқан. 2000 жылы Шөмішбай Сариев Бухарестте «ЮНЕСКО» ұйымдастырған дүниежүзілік ақындар симпозиумына Қазақстан мен Орта Азия атынан барған санаулы тұлғалардың бірі болды. Сонымен қатар қазақ ақындары арасында тұңғыш рет «Ғашықтар жыры» және «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспалары жарық көрген.
Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған «Айналдым сенен, Атамекен-ай» атты концерті
Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кеш.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды.