Шөмішбай Сариев – қазақ әдебиеті мен ән өнерінің дамуына, аударма ісінің өрістеуіне сүбелі үлес қосқан қаламгер. Оның шығармалары бірқатар шет тілдерге аударылып, шетел оқырманына жол тартқан. 2000 жылы Шөмішбай Сариев Бухарестте «ЮНЕСКО» ұйымдастырған дүниежүзілік ақындар симпозиумына Қазақстан мен Орта Азия атынан барған санаулы тұлғалардың бірі болды. Сонымен қатар қазақ ақындары арасында тұңғыш рет «Ғашықтар жыры» және «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспалары жарық көрген.