Шөмішбай Сариевтің өмірбаяны

ШӨМІШБАЙ НАҒАШЫБАЙҰЛЫ САРИЕВ

Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев(1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясында туған. 2021 жылы 15 ақпанда дүниеден озған) – ақын, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бірінші дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері. Екі дүркін «Елім менің» атты Президент бәйгесі бас жүлдесінің, халықаралық «Франц Кафка атындағы Алтын медаль» сыйлығының, «Жыл Адамы – Алтын адам», «Платина Тарлан» сыйлықтарының, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының кандидаты.


Ғұмырнама

1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясында туған. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған.

1961 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газеті бетінде өлеңдері тұңғыш жаряланған.

1966 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1971 жылы тәмамдаған.1970-1974 жылдары «Қазақстан» саяси баспасында редактор болып қызмет атқарған.

1974 жылдан 1991 жылға дейін «Жұлдыз» журналының әуелі сын бөліміне орналасып, кейін поэзия, өнер және ғылым, сын, библиография бөлімдерінің меңгерушісі болған.

1991 жылы конкурстық негізде Қазақстан Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қазіргі әдебиет бөліміне аға ғылыми қызметкер болып орналасады.

1993 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленеді. «ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы поэзия» атты монография жазып, М.Жұмабайұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы тағы да басқа Алаш арыстарының еңбектерін ғылыми тұрғыда талдады. «70-ші, 80-ші, 90-шы жылдардағы қазақ поэзиясы» атты монографиясы жеке кітап болып «Ғылым» баспасынан жарық көрді.
Мағжан Жұмабайұлының үш томдық шығармаларын дайындау жұмыстарына атсалысып (1995 ж.), өлеңдерінің ғылыми түсініктемелерін жазды және сол кітаптың редакция алқасының мүшесі болды. Өмірінің соңына дейін аталған институттың Абайтану бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.

Ш.Сариев негізгі қызметімен бірге, ҚР Ұлттық ғылым академиясында бас маман қызметін атқарды. Сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде және Д.Қонаев атындағы заң университетінде бірнеше жыл сабақ берді, қазіргі бағыт-бағдары жаңаша өзгерген «Ақиқат» журналының (бұрынғы «Қазақстан коммунисі» журналы) Руханият бөлімін басқарды. «Тамаша» телехабарының алғашқы он жыл бойғы авторларының бірі болды.


Шығармашылығы

Д.Гулиа, О.Бергольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, Хизмет Абдуллин, М.Эминеску, Луиш ди Камоэнс сынды көптеген шетел ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Қазақ ақындары ішінде тұңғыш рет «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді.

Ш.Сариев 2000 жылы Бухаресте «ЮНЕСКО» ұйымдастырған Румынияның ұлы ақыны Михаил Эминескуге арналған бүкіл дүниежүзілік ақындар симпозиумына Қазақстан мен Орта Азиядан жалғыз қатысқан ақын. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, өзбек, тәжік, румын, чех, үнді, француз тілдеріне аударылып, жарияланды.
2003 жылы Прагада Чех елінің ұлы ақын-жазушысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Осы жылы үнді тілінде «Теңізден соққан жел лебі» атты кітабы жарық көріп, Дели қаласында өткен кітаптың тұсаукесер тойына қатысты.

2004 жылы «Жыл Адамы - Алтын Адам» сыйлығының лауреаты атанды және сол жылы «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Ал 2005 жылы ақын Ш.Сариевке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.
2008 жылы Парижде өткен «Ақындар көктемі» фестиваліне қатысып, өлеңдері 80 елге француз радиосы арқылы таралды. Француз тілінде «Дала желі» атты кітабы жарық көрді.
2016 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен ақынның 70 жасқа толуына арналған «Ақындық – мұрат, ғалымдық – парасат» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды.

2018 жылы Америкада Нью-Йорк қаласында тұңғыш рет өткен Қазақ әдебиетінің форумына қатысып, «Сәлем саған, туған ел» кітабының тұсаукесерін өткізді.


Ақынның шығармашылық кештері

05.10.1983 – «Туған жер» авторлық кеші, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры (ТЮЗ);

15.04. 1991 – Арал теңізіне арналған қайырымдық кеші, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры;

26.04.1996 – Шөмішбай Сариевтің 50 жылдығына арналған авторлық кеші, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры;

13.01.2001 – «Боз жорға» авторлық кеші, Республика сарайы;
17.04.2003 – «Ғашық жүрек» авторлық кеші, Республика сарайы;

15.04.2006 – Ш.Сариевтің 60 жылдығына арналған «Атамекен-ай!» авторлық кеші, Республика сарайы;

15.04.2009 – «Ақын Шөмішбай Сариев – Пайғамбар жасында» авторлық кеші, Республика сарайы;

22.10.2011 – «Айналдым сенен, Атамекен-ай!» авторлық кеші, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы;

19.04.2016 – Ш.Сариевтің 70 жылдығына арналған «Айналдым қазақ деген халықтан мен...» шығармашылық кеші, Абай атындағы опера және балет театры;

06.10.2023 – Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған «Теңіздей тебірендім, тербедің...» атты еске алу кеші, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры.


Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы хабарлар тізімі

Кеш жарық» (10.07.2011) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған кеш («Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы);

«Әлі есімде» (2012) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («Мәдениет» телеарнасы);

«Сол бір кеш» (2013) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған бағдарлама (эфирге 20.05.2014 жылы шықты), («Хабар» телеарнасы);

«Сенбілік кездесу» (25.04.2015) – ақын Ш.Сариевпен сенбілік кездесу («Қазақстан» ұлттық телеарнасы);

«Келбет» (27.03.2016) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («Қазақстан» ұлттық телеарнасы);

«Біздің кейіпкер» (2016) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («Алматы» телеарнасы);

«Бірегей» (15.04.2017) – ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («Астана» телеарнасы);

«Әнім сен едің» (28.10.2017) – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («КТК» телеарнасы);

«Той жыры» (14.04.2018) – ақын Ш.Сариев пен жары Жұмагүл Сариева арналған хабар («Астана» телеарнасы);

«Qazaq Life Дарабоз» (09.11.2019) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («Kazakh TV» телеарнасы);

«Емен-жарқын» (2019) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («Asyl Arna» телеарнасы);

«Тұлға» (2019) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («Қазақстан» ұлттық телеарнасы) эфирге 22.04.2020 жылы шықты;

«Сәулелі ғұмыр» (2021) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған хабар («Алматы» телеарнасы);

«Qazaq Golden Hits» (2021) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған бағдарлама («Хабар» Агенттігі» АҚ);

«Ұмытпаймыз» (2023) – ақын Ш.Сариевтің шығармашылығына арналған бағдарлама («АбайТВ» телеарнасы).


Жарық көрген кітаптары тізімі

«Балдәурен», сборник стихов, «Жазушы», 1974;

«Арайлы көктем», Творческий портрет. «Қазақстан», 1974;

«Теңізден соққан жел», сборник стихов, «Жазушы», 1975;

«Тағдыр», сборник стихов, «Жалын», 1976;

«Заула, тұлпар уақыт», сборник стихов, «Жалын», 1979;

«Өң мен түс», сборник стихов, «Жалын», 1980;

«Үш өлшем», сборник стихов, «Жалын», 1982;

«Созвучие», перевод. /на русском языке/, «Жалын», 1983;

«Тағдыр жыры», сборник стихов, «Жазушы», 1984;

«Веет ветер морской» /на русском языке/, «Жалын», 1987;

«Біздің ғасыр», Сборник стихов, поэмы, «Жазушы», 1989;

«Тамаша», «Қайнар», 1989;

«Сүйінші», Стихи к песням современных композиторов, «Ардана қайырымдылық қоры», 1992;

«Сағынышым теңіз», сборник стихов, поэмы. Избранное, «Жазушы», 1994;

«Песня сожаления», Издательства Международного Сообщества Писательских Союзов «Стилистика» /стихотворения 6 поэтов/ Москва,1998;

«Қос қанат», сборник стихов, «Әсем-систем», 2004;

«Екі томдық шығармалар жинағы», сборник стихов, «Елорда» 2006;

«Шөмішбай Сариев. Шығармалары», сборник стихов, «Фолиант», 2008;

«Дала желі». На французском языке, /Ш.Сариев, О.Сүлейменов, Н.Оразалин/ Париж, 2008;

«Шөл даланың ұлымын...», сборник стихов, «Қайнар», 2008;
Камоэнс. Сонеты, «Аударма», 2009;

«Айналдым сенен, Атамекен-ай», «SanSam», 2011;

«Поэзия падишасы – лирика», сборник стихов, «Тау-Самал», 2012;

«Қазақ лирикасы: көркемдік ізденістер және ұлт тәуелсіздігі», научные исследования, критические статьи, «Тау-Самал», 2012;

Сборник стихов в Антологии казахской литературы «Ұлы даланың тарихы» (Нью-Йорк, США), 2013;

«Өлеңдер, поэмалар», избранное, «Қазақпарат», 2016;

«Сәлем саған, туған ел», сборник песен и нот, «SanSam», 2018;

«Жүрегім – Қазақ елі», сборник стихов, «Атамұра», 2021;

«Қос қанатты ақын Шөмішбай Сариев», фотоальбом, «Дәуір», 2022;

«Ғибратты ғұмыр», Шөмішбай Сариев, «Қазақ университеті», 2022;

«Дүниені жалт қаратсам деп едім», на уйгурском языке, 2023;
Библиографический указатель. Шөмішбай Сариев /ОУНБ им. С.Муканова, Республиканская научно-педагогическая библиотека/, 2023;

«Теңізден соққан жел», сборник стихов, «Атамура», 2024.


Жарық көрген кітаптары тізімі

«Балдәурен», Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;

«Арайлы көктем», Творчестволық портреттер. А., «Қазақстан», 1974;

«Теңізден соққан жел», Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1975;

«Тағдыр», Өлеңдер және балладалар. А., «Жалын», 1976;

«Заула, тұлпар уақыт», Өлеңдер. А., «Жалын», 1979;

«Өң мен түс», Өлеңдер және толғаулар. А., «Жалын», 1980;

«Үш өлшем», Өлеңдер. А., «Жалын», 1982;

«Созвучие», Аударма /орыс тілінде/, «Жалын»1983;

«Тағдыр жыры», Өлеңдер. А., «Жазушы». 1984;

«Веет ветер морской», Аударма /орыс тілінде/, «Жалын» 1987;

«Біздің ғасыр», Өлеңдер. Поэмалар. А., «Жазушы», 1989;

«Тамаша», А., «Қайнар», 1989;

«Сүйінші», Замандас композиторлардың әндеріне жазылған өлеңдер. А., «Ардана қайырымдылық қоры», 1992;

«Сағынышым теңіз», Өлеңдер, поэмалар. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1994;

«Песня сожаления», Издательства Международного Сообщества Писательских Союзов «Стилистика» /алты ақынның өлеңдері/ Москва,1998;

«Қос қанат», Өлеңдер. «Әсем-систем», 2004;

«Екі томдық шығармалар жинағы», Өлеңдер. «Елорда» 2006;

«Шөмішбай Сариев. Шығармалары», Өлеңдер. «Фолиант», 2008;

«Дала желі», Француз тілінде, /Ш.Сариев, О.Сүлейменов, Н.Оразалин/ Париж, 2008;

«Шөл даланың ұлымын...», Өлеңдер. «Қайнар», 2008;

«Камоэнс. Сонеттер», «Аударма» баспасы, 2009;

«Айналдым сенен, Атамекен-ай», «SanSam», 2011;

«Поэзия падишасы – лирика», Өлеңдер. «Тау-Самал», 2012;

«Қазақ лирикасы: көркемдік ізденістер және ұлт тәуелсіздігі», Ғылыми зерттеулер, сын мақалалар, «Тау-Самал», 2012;

«Ұлы даланың тарихы» қазақ әдебиеті антологиясы /Нью-Йорк, АҚШ/, 2013;

«Өлеңдер, поэмалар» таңдамалы шығармалар жинағы, «ҚАЗАҚПАРАТ» баспа корпорациясы, 2016;

«Сәлем саған, туған ел», ән мәтіндері мен ноталар жинағы, «SanSam», 2018;

«Жүрегім – Қазақ елі» жыр жинағы, «Атамұра», 2021;
«Қос қанатты ақын Шөмішбай Сариев», Фотоальбом, «Дәуір», 2022;

«Ғибратты ғұмыр», «Қазақ университеті», 2022;

«Дүниені жалт қаратсам деп едім», /ұйғыр тілінде/, 2023;

«Шөмішбай Сариев. Библиографиялық көрсеткіш» (С.Мұқанов атындағы ОӘҒК, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана) 2023;

«Теңізден соққан жел», Өлеңдер, «Атамұра» баспасы, 2024.


Ақынның өлеңіне жазылған танымал әндер

Ш.Сариевтің жалпы 300-ден астам өлеңіне ән жазылған. Соның ішінде халыққа кеңінен тараған әндері:

«Айналдым сенен, атамекен-ай!» – музыкасын жазған композитор Жанбота Тұяқбаев, әнді орындаған әнші Роза Рымбаева;

«Сарыарқа» – музыкасын жазған композитор Сейдолла Бәйтереков, әнді орындаған әнші Бағдат Сәмединова;

«Қарағым-ай» – музыкасын жазған композитор Кеңес Дүйсекеев, әнді алғаш орындаған әнші Нұрлан Өнербаев, кейін орындаған әншілер Сүлеймен Ибрагимов, Димаш Құдайберген;

«Аяулым» – музыкасын жазған композитор Төлеген Мұхамеджанов, әнді орындаған әнші Бауыржан Исаев;
«Сәлем саған, туған ел!» – музыкасын жазған композитор Кеңес Дүйсекеев, әнді алғаш орындаған әнші Роза Рымбаева, кейін орындаған әнші Нағима Есқалиева;

«Ойлан балам» – музыкасын жазған композитор Кеңес Дүйсекеев, әнді алғаш орындаған актер Досхан Жолжақсынов, кейін орындаған актер Еркін Жолжақсынов;

«Жусан исі» – музыкасын жазған композитор Сейдолла Бәйтереков, әнді алғаш орындаған әнші Нұрлан Өнербаев, кейін орындаған әнші Жеңіс Ысқақова;

«Арман жолдар» – музыкасын жазған композитор Карина Абдулина, әнді орындаған әнші Карина Абдулина «Мюзиколла»;

«Домбыра туралы баллада» – музыкасын жазған композитор Кеңес Дүйсекеев, әнді орындаған әнші Роза Рымбаева;

«Аққу арман» – музыкасын жазған композитор Төлеген Мұхамеджанов, әнді алғаш орындаған әнші Нұрлан Өнербаев, кейін орындаған әнші Жанболат Ербатыров;

«Сағындым сағым жылдар» – музыкасын жазған композитор Гүлнәр Дәукенова, әнді алғаш орындаған әнші Мақпал Жүнісова, кейін орындаған әншілер Меруерт Түсіпбаева, Айгүл Иманбаева, Гүлнұр Оразымбетова;

«Боз жорға» – музыкасын жазған композитор Бейбіт Оралұлы, әнді алғаш орындаған «На-на» тобы, кейін «Ринго» тобы, «Алатау серілері» тобы;

«Өзің куә Алматым» – музыкасын жазған композитор Владимир Питерцев, әнді орындаған әнші Бағдат Сәмединова;

«Қайран уақыт» – музыкасын жазған композитор Гүлнәр Дәукенова, әнді алғаш орындаған әнші Мақпал Жүнісова;

«Сен мұңыңды бер маған» – музыкасын жазған әрі орындаған композитор Карина Абдуллина «Мюзиколла»;

«Аралдан ұшқан аққулар» – музыкасын жазған композитор Сейдолла Бәйтереков, әнді алғаш орындаған әнші Роза Рымбаева, кейін орындаған әнші Диана Шарапова;

«Дос керек» – музыкасын жазған композитор Владимир Питерцев, әнді орындаған әншілер Сәкен Майғазиев пен Мақсат Базарбаев;

«Қимай сені барамын» – музыкасын жазған композитор Төлеген Мұхамеджанов, әнді алғаш орындаған әнші Меруерт Түсіпбаева, кейін орындаған әнші Әлішер Каримов;

«Балдәурен» – музыкасын жазған Сейдолла Бәйтереков, әнді орындаған әнші Роза Рымбаева және «Мұзарт» тобы;

«Өкінбе сен» – музыкасын жазған композитор Кеңес Дүйсекеев, әнді орындаған әнші Жұбаныш Жексен;

«Өмір-өзен» – музыкасын жазған әрі орындаған әнші-композитор Медеу Арынбаев;

«Ғашықтар жыры» – музыкасын жазған композитор Кеңес Дүйсекеев, әнді алғаш орындаған әншілер Мақпал Жүнісова мен Сембек Жұмағалиев, кейін орындаған әншілер Мирас пен Құралай;

«Ақ босаға» – музыкасын жазған композитор Нұр, әнді орындаған «Жігіттер» квартеті;

«Мазала» – музыкасын жазған композитор Дәурен Шәріп, әнді орындаған әнші Қайрат Нұртас;

«Өмір саған разымын» – музыкасын жазған әрі орындаған әнші Бүркіт;

«Арқаның сұлу аруы-ай!» – музыкасын жазған композитор Бейбіт Оралұлы, әнді орындаған әнші Майра Мұхамедқызы;

«Ауылым әніміз» – музыкасын жазған композитор Ділмұрат Бахаров, орындаған әнші Нұрлан Абдуллин;

«Аққуым» – музыкасын жазған композитор Төлеген Мұхамеджанов, әнді орындаған әнші Нұржамал Үсенбаева;

«Сағынышым, Астана!» – музыкасын жазған композитор Ренат Гайсин, әнді алғаш орындаған Батырхан Шүкенов, кейін осы әнге бір топ майталман әншілермен клип түсірілді;

«Қазақ елі» – музыкасын жазған композитор Еркін Ынтықбаев, әнді орындаған әнші Роза Рымбаева;

«Арман досым» – музыкасын жазған композитор Тілектес Қажығалиев, әнді орындаған әнші Нағима Есқалиева;

«Аққу сенім» – музыкасын жазған композитор Жанбота Тұяқбаев, әнді алғаш орындаған әнші Мақпал Жүнісова, кейін орындаған әнші Тамара Асар;

«Далам менің» – музыкасын жазған композитор Мұрат Құсайынов, әнді орындаған «Дос-Мұқасан» тобы;

«Айнала» – музыкасын жазған композитор Дильмурат Бахаров, әнді орындаған «Дервиши» тобы.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары:

12.12.2005 – Отандық әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді;

05.12.2011 – Отандық әдебиет пен музыка саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен марапатталды;

03.12.2020 – Отандық поэзияның дамуына қосқан зор үлесі, көп жылғы жемісті қызметі мен қоғамдық белсенділігі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды (Марапат Президенттің қолымен Ақордада табысталды).

Өзге де марапаттар:

2003 – Әлемдік әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Франц Кафка атындағы халықаралық алтын медалі;

2004 – «Әдебиет» аталымы бойынша Тәуелсіз «Платина Тарлан» ұлттық сыйлығы;

2004 – Поэзиядағы жетістіктері үшін «Жыл адамы – Алтын Адам» ұлттық сыйлығы;

2017 – «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы.

2007 жылы Қызылорда облысы «Арал ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.



Байланыс деректері

Жұмагүл Қаженқызы Сариева
©Shomishbay Sariyev 2021